Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев Чемпиошипте қашан дебют жасайды?

18 жастағы қазақстандық футболшы Англиядағы жаңа клубында алғашқы ойынын жақын күндері өткізуі мүмкін.

Дастан Сәтпаев Чемпиошипте қашан дебют жасайды?
фото ашық дереккөзден

Алғашқы қарсылас – “Вест Хэм”

“Бернли” Чемпионшиптің жаңа маусымындағы алғашқы кездесуін 16 тамыз, жексенбі күні өткізеді. Өз алаңында “Вест Хэмды” қабылдайды. Кездесу Бернли қаласындағы әйгілі “Терф Мур” стадионында өтеді.

Матчтың басталуы Қазақстан уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Егер Дастан Сәтпаев “Бернлидің” матчқа арналған өтініміне енсе, дәл осы кездесуде ағылшындық клуб сапындағы ресми дебютін өткізуі ықтимал.

“Челсиден” кейінгі жаңа кезең

Сәтпаев “Бернлиге” “Челсиден” 2026/2027 маусымына жалға алу шартымен ауысты. Құжаттар ресми түрде рәсімделгеннен кейін қазақстандық шабуылшы жаңа командасымен бірге ойындарға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Сәтпаевтың Англиядағы алғашқы ойыны өтуі ықтимал “Терф Мур” – “Бернлидің” тарихи үй стадионы. Арена 1883 жылы салынған және 21 944 көрерменге арналған.

18 жастағы шабуылшының “Бернлидегі” өнері Қазақстан футбол жанкүйерлері үшін ерекше қызығушылық тудырып отыр.

Жарнама
Жарнама