Самат Смақовтың ұлы "Бешікташқа" ауысты
Аламгир Смақов "Бешікташ" клубының ойыншысы атанды.
18 жастағы футболшы жаңа командасының жастар құрамасына тіркеліп үлгерді. Футболшы жексенбіде "Эюпспорға” қарсы дебют жасауы мүмкін.
Қазақстандық жартылай қорғаушы түркиялық клуб құрамымен бірге дайындық жұмыстарына да қатысып жүр. Футболшы осы уақытқа дейін бес жолдастық матчта алаңға шықты. Екі гол соғып, бірнеше нәтижелі пас берген.
Аламгир Смақов - Алматының “Қайрат” академиясының тәрбиеленушісі. Биыл Қазақстанның Бірінші лигасында да өнер көрсетті. “Қайрат-Жастар” сапында жеті кездесуге төрт гол соқты.
Смақов 2024 жылы бірнеше ай бойы түркиялық клубтың академиясында жаттыққан. Бірақ сол кезде FIFA-ның кәмелетке толмаған футболшылардың трансферіне қатысты ережелеріне байланысты ресми матчтарға қатыса алмаған.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.