ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

"Бұл кері қадам емес": Байсуфинов Сәтпаевтың "Бернлиге" ауысуының мәнін түсіндірді

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов Дастан Сәтпаевтың "Челсиден" "Бернлиге" жалға берілуіне қатысты пікір білдірді.

"Бұл кері қадам емес": Байсуфинов Сәтпаевтың "Бернлиге" ауысуының мәнін түсіндірді
instagram.com/d.satpayev/

Чемпионшиптегі ойын тәжірибесі

Байсуфиновтың айтуынша, Англия Чемпионшипі жас футболшының дамуы үшін жақсы деңгей саналады. Маман Сәтпаев үшін қазіргі кезеңде ең маңыздысы – тұрақты түрде алаңға шығу екенін атап өтті.

“Ағылшындық Чемпионшиптің деңгейі де жоғары. Әрине Францияның Лига 1 чемпионатында ойнаса да жақсы болар еді. Бірақ онда оған жеткілікті ойын уақыты берілер ме еді – бұл үлкен сұрақ. Ал “Челси” Сәтпаевты “Бернлиге” жалға берген кезде Дастанға ойын тәжірибесі берілуі керек деген талап қойған. Егер Чемпионшипте тұрақты ойнаса, мол тәжірибе жинайды”, – деді Байсуфинов.

Өте дұрыс қадам

Қазақстандық маман 18 жастағы шабуылшының “Бернлиге” ауысуын мансаптағы кері қадам деп қабылдамау керектігін айтты. Оның сөзінше, Сәтпаевқа Англия футболына біртіндеп бейімделіп, ересектер деңгейіндегі ойынның ерекшеліктерін сезіну маңызды.

“Ол небәрі 18 жасқа толды. Англиямен біртіндеп танысып, жаңа ортаға бейімделгені дұрыс. Оған сәттілік тілеймін. Мұны артқа жасалған қадам деп ойлаудың қажеті жоқ. Дастан ойын уақытын алып, тәжірибе жинайды. Оның үстіне “Челсидің” бапкерлер штабы оны бақылап отырады”, – деді маман.

“Челсиге” оралуы 

Ұлттық құрамагың экс-бапкері “Бернлиді” Сәтпаев үшін қолайлы клуб деп есептейді. Ол қазақстандық футболшы Чемпионшипте өзін жақсы қырынан көрсетіп, кейін қайтадан “Челсиге” оралуы мүмкін екенін айтты.

“Бернли” – жақсы клуб. Дастан өзін көрсетіп, кейін «Челсиге» қайта оралады деп ойлаймын. Меніңше, ол тәртіптің не екенін жақсы түсінетін жігіт. Жарайсың. Оған тек сәттілік тілеймін. Біріншіден, бәрі Алланың қолында, екіншіден, көп нәрсе өзінің еңбегіне байланысты”, – деді Байсуфинов.

Дастан Сәтпаев 2026/2027 маусымының соңына дейін “Бернли” сапында жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер 1

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Арман Апбасов
Тесте текдлытвдл ьдылталдвф