Жарнама
Жарнама

Дастан Сәтпаев жаңа клубында алғашқы жаттығуын өткізді (ВИДЕО)

Ағылшындық клуб қазақстандық футболшының жаңа командамен бірге дайындыққа кіріскен сәттерін жариялады.

Дастан Сәтпаев жаңа клубында алғашқы жаттығуын өткізді (ВИДЕО)
instagram.com/burnleyofficial/

Негізгі топпен бірге жаттықты

18 жастағы қазақстандық футболшы жаттығуды “Бернлидің” басқа ойыншыларымен бірге жалпы топта өткізді. Сәтпаевпен қатар команданың тағы бір жаңа ойыншысы Макс Эллейн де алғашқы жаттығуына қатысты. 21 жастағы қорғаушы “Манчестер Ситиден” жалға алу шартымен ауысқан.

“Бернли” жариялаған бейнежазбадан команданың ең танымал футболшыларының бірі Кайл Уокерді де көруге болады. Англия құрамасының бұрынғы қорғаушысы бұған дейін ұзақ жылдар бойы “Манчестер Ситиде” өнер көрсетті. 

“Бернлиге” бір маусымға жалға берілді

Еске салайық, Дастан Сәтпаев “Бернлиге” “Челсиден” жалға алу келісімімен ауысты. Қазақстандық шабуылшы жаңа клуб сапында 2026/2027 маусымының соңына дейін 12-нөмірмен өнер көрсетеді.

Жалға берудің негізгі мақсаты – жас футболшыға тұрақты ойын тәжірибесін жинап, Англиядағы ересектер футболына тезірек бейімделуге мүмкіндік беру. Жанкүйерлер Сәтпаевтың “Бернли” сапындағы алғашқы ресми кездесуін күтуде.

Жарнама
Жарнама