"Қайрат" ҚПЛ-де қатарынан жетінші жеңіске жетті (ВИДЕО)
Алматылық "Қайрат" Қазақстан Премьер-Лигасының кейінге шегерілген 9-тур матчында Жезқазғанның "Ұлытауын" жеңді.
“Қайрат” матчты 3:1 есебімен аяқтады
Ойын Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында өтті. Алғашқы таймда “Ұлытау” бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен есепті алаң иелері ашты. Бұл жолы Эдмилсон мергендігімен көзге түсті.
Үзілістен кейін алматылық клуб ойын тізгінін толық өз қолына алды. Ойва Юккола командасының басымдығын арттырды. Кездесудің қорытынды есебіне Азамат Тұяқбаев пен пенальтиден гол соққан Илья Черняк әсер етті. Нәтижесінде “Қайрат” қарсыласын 3:1 есебімен жеңді.
Чемпиондық жарыста “Ордабасыға” жақындады
Бұл ойын “Қайрат” үшін Қазақстан Премьер-Лигасындағы қатарынан жетінші жеңіс болды.
Алматылық клуб 48 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында тұр. Көш басындағы шымкенттік “Ордабасыдан” небәрі бір ұпайға қалып келеді.
Ал “Ұлытау” әзірге чемпионат кестесіндегі жетінші орнын сақтап қалды.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.