Әлібек Қасым РПЛ клубының ұсынысынан бас тартты
Қазақстан құрамасы мен "Астана" клубының қорғаушысы Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін махачкаланың "Динамосы" ұсынысын қабылдамаған.
"Динамосы" келіссөз жүргізген
AmanVIBE мәліметінше, ресейлік клуб пен қазақстандық футболшы арасындағы нақты келіссөздер жаздың басында өткен. Бірақ Әлібек Қасым мансабын Дағыстанда жалғастыруға келіспеген.
"Клуб пен ойыншы арасында жаздың басында нақты әңгіме болды. Дегенмен "Астана" қорғаушысы Дағыстанға көшуді қаламады", — деп жазады дереккөз.
Сонымен қатар соңғы уақытта елордалық команданың футболшыларына өзге клубтар тарапынан ұсыныстар жиілегені айтылады. Бұған "Астанадағы" инвесторға қатысты жағдай да әсер етуі мүмкін.
"Динамо" РПЛ-де үздік бестікте
Қазіргі маусымда "Астана" Қазақстан Премьер-лигасында 21 матчтан кейін 39 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді.
Ал махачкалалық "Динамо" Ресей Премьер-лигасының бес турында 9 ұпай еншілеп, бесінші сатыға орналасқан.