Жарнама
Жарнама

Астана футболшылары бір маусымда бес рет Қазақстан чемпионы атанды

Соңғы алтын жүлдені 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамасы жеңіп алды.

Астана футболшылары бір маусымда бес рет Қазақстан чемпионы атанды
gov.kz

Астана қаласының жас футболшылары ел біріншіліктерінде тарихи нәтиже тіркеді. Елорда құрамалары бір маусымның ішінде әртүрлі жас санаттары бойынша бес рет Қазақстан чемпионы атанды.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, соңғы алтын жүлдені 2010 жылы туған жасөспірімдер құрамасы жеңіп алды. Шымкентте өткен шешуші кездесуде Астана құрамасы Түркістан облысының командасымен кездесті.

Тартысты өткен финалда елордалық футболшылар қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионатының алтын жүлдесіне ие болды.

Турнир қорытындысында астаналық екі ойыншы жеке марапатқа да қол жеткізді. Жасұлан Жалбынов "Үздік ойыншы", ал Әлихан Азанбай "Үздік қорғаушы" атанды.

Тағы бір құрама күміс жүлде алды

Астана футбол мектебінің басқа жас санатындағы командалары да маусымды жоғары нәтижемен аяқтады.

2008–2009 жылдары туған футболшылардан құралған елорда құрамасы республикалық біріншілікте екінші орын иеленді.

Осылайша, астаналық жас футболшылар маусым бойы ел чемпионаттарының жүлделі орындарынан тұрақты көрінді.

Бір маусымда бес чемпиондық – тарихи нәтиже

Бұл жетістік Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты №8 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі үшін ерекше маңызға ие болды.

Мектеп тарихында бұған дейін әртүрлі жас санатындағы бес команданың бір маусымда қатарынан Қазақстан чемпионы атанған жағдайы болмаған. 

Осылайша, биылғы маусым аталған спорт мектебі үшін тарихи көрсеткішпен аяқталды.

Жарнама
Жарнама