ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

20 жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубта дебют жасады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков Словакияның "Баник" клубы сапындағы алғашқы матчын өткізді.

20 жастағы қазақстандық футболшы еуропалық клубта дебют жасады
instagram/fcbanikpd

Алғашқы ойынын негізгі құрамда бастады

Адырбековтің жаңа командадағы дебюті жеңіспен аяқталды. Словакия кубогының екінші кезеңінде "Баник" сырт алаңда "Приехрада Нитрианске Рудно" командасымен кездесіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.

20 жастағы Адырбеков алаңға негізгі құрамда 7 нөмірмен шықты. "Баник" сапындағы жеңісті голдарды 8 және 16-минуттарда Лактионов, ал 86-минутта Радченко соқты. Алаң иелері сапынан 52-минутта Барта көзге түсті.

Қазақстандық футболшы "Баникке" жалға берілді

Бұл Шахмұрза Адырбековтің "Баник" сапындағы алғашқы кездесуі. Қазақстандық футболшы бұған дейін Словакияның "Тренчин" клубында өнер көрсеткен және жаңа командасына жалға алу келісімі бойынша ауысты. Прьевидзалық клуб қазіргі таңда Словакияның үшінші дивизионында өнер көрсетеді.

Адырбеков футболдағы жолын "Тренчиннің" қосалқы құрамында бастап, кейін негізгі командамен жаттығуға шақырылды. Футболшы Словакияның жоғарғы дивизионында 10 матч өткізіп үлгерді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.