"Қайрат" футболшысы ең жас ойыншылар тізіміне енді
Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Исмаил Бекболат Чемпиондар лигасының 2026/27 маусымындағы іріктеу кезеңіне қатысқан ең жас футболшылар рейтингінде 16-орынға жайғасты.
Transfermarkt порталы Еуропаның басты клубтық турнирінің іріктеу кезеңінде алаңға шыққан ең жас футболшылардың рейтингін жариялады. Тізімге "Қайрат" шабуылшысы Исмаил Бекболат та енді. Қазақстандық футболшы Чемпиондар лигасындағы дебюті кезінде 18 жас 5 ай 28 күнде болған.
Рейтингтің көшін словакиялық жартылай қорғаушы Матуш Томашко бастады. "Ружомберок" сапында өнер көрсеткен футболшы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне 16 жас 7 ай 29 күнінде шыққан.
Чемпиондар лигасындағы көрсеткіші
18 жастағы Исмаил Бекболат 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде 6 матчқа қатысып, алаңда жалпы 227 минут өткізді. Қазақстандық шабуылшы Черногорияның "Сутьеска" клубына қарсы ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Бекболат Қазақстанның U-19 жасөспірімдер құрамасының негізгі ойыншыларының бірі саналады. 2026 жылдың жазында футболшы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Сербия қақпасына дубль жасап, командасына 3:1 есебімен жеңіс әкелді. Сондай-ақ Португалияға қарсы кездесуде маңызды гол соқты.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.