Жарнама
Жарнама

"Қайраттың" Конференциялар лигасындағы алты қарсыласы анықталды

Алматылық "Қайраттың" УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде кездесетін қарсыластары белгілі болды.

"Қайраттың" Конференциялар лигасындағы алты қарсыласы анықталды
instagram/@f.c.kairat

Жеребе Монакода тартылды

Монакода өткен жеребе қорытындысы бойынша Рафаэль Оразбахтин жаттықтыратын "Қайрат" мына командалармен ойнайды:

  • "Панатинаикос" — Грекия;
  • "Аталанта" — Италия;
  • "Университатя" Крайова — Румыния;
  • "Твенте" — Нидерланд;
  • "Мьельбю" — Швеция;
  • "Рига" — Латвия.

Алматылық клуб осы қарсыластардың үшеуін өз алаңында қабылдап, қалған үш матчты сыртта өткізеді. Кездесулердің нақты күндері мен өтетін орындары кейінірек жарияланады.

Жалпы кезеңге 36 клуб қатысады

Конференциялар лигасының негізгі сатысында барлығы 36 команда өнер көрсетеді. Әр клуб алты ойыннан өткізіп, жинаған ұпайына қарай жалпы турнирлік кестеде орналасады.

Үздік нәтиже көрсеткен командалар жарыстың келесі кезеңіне жолдама алады.

Алматылықтар бұған дейін Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық "Андерлехтпен" кездесіп, екі матчта да 0:3 есебімен жеңілді. Осыдан кейін еурокубок маусымын Конференциялар лигасының жалпы кезеңінде жалғастырады. 

Айта кетейік, "Қайрат" өткен маусымда алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шыққан еді.

Жарнама
Жарнама