Жарнама
Жарнама

"Қайрат" ҚПЛ-дың орталық матчында "Елімайды" жеңді

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында алматылықтар Семейде "Елімай" қақпасына жауапсыз екі доп соқты.

"Қайрат" ҚПЛ-дың орталық матчында "Елімайды" жеңді
instagram/@f.c.kairat

Үш минутта екі гол соғылды

Кездесудің тағдыры бірінші таймда шешілді. 32-минутында Луиш Мата допты баспен Марк Гуальға бағыттады. Испаниялық шабуылшы мүмкіндігін мүлт жібермей, қонақтарды алға шығарды.

Арада үш минут өткенде футболшылар рөл алмасты. Бұл жолы Гуаль нәтижелі пас беріп, Луиш Мата әдемі соққымен есепті еселеді.

Екінші таймда алматылық команда аз құрамда қалды. 75-минутта Александр Широбоков қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.

Сан басымдығына ие болған "Елімай" қалған уақытта шабуылды күшейтіп, есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Ал "Қайрат" қорғаныста сенімді ойнап, Темірлан Анарбеков қақпасын "құрғақ" күйде қалдырды. 

Турнир кестесіндегі жағдай

"Қайрат" 24 турдан кейін 51 ұпай жинап, Премьер-лига кестесінде екінші орында келеді. "Елімайдың" еншісінде 32 ұпай бар. Семейліктер алтыншы сатыға жайғасқан.

Келесі турда "Елімай" елордада "Астанаға" қарсы ойнайды. "Қайрат" та кездесуін сырт алаңда Ақтауда "Каспийімен" күш сынасады.

Жарнама
Жарнама