Жарнама
Жарнама
"Барселона" Чемпиондар лигасынан шеттетілуі мүмкін
tribuna.uz

"Барселона" Чемпиондар лигасынан шеттетілуі мүмкін

Бәрі "Негрейра ісімен" байланысты. Бірақ "Барселона" төрешілер шешіміне ықпал ету мақсатында ақша төледі деген айыптауларды жоққа шығарады. барселон

"Барселона" клубына қатысты бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан "Негрейра ісі" каталониялық команда үшін жаңа тәуекел туғызуы мүмкін. 

Испаниялық Marca мәліметінше, клуб басшылығы UEFA тарапынан тәртіптік санкция қолданылып, тіпті Чемпиондар лигасына қатысу құқығынан айырылу қаупін жоққа шығармайды.

"Негрейра ісі" немен байланысты?

Тергеу "Барселонаның" Испания корольдік футбол федерациясы Төрешілер техникалық комитетінің бұрынғы вице-президенті Хосе Мария Энрикес Негрейрамен байланысты компанияларға бірнеше жыл бойы ақша аударуына қатысты жүріп жатыр.

Осы төлемдер туралы ақпарат 2023 жылы қоғамға кеңінен тарағаннан кейін клубқа қатысты тергеу басталды.

"Барселона" өз кезегінде төрешілер шешіміне ықпал ету мақсатында ақша төледі деген айыптауларды жоққа шығарды. Клубтың түсіндіруінше, қаржы төрешілердің жұмысына қатысты кәсіби есептер мен консультациялық қызметтер үшін берілген.

UEFA қандай жаза қолдануы мүмкін?

Marca ақпаратына сәйкес, "Барселона" ішінде бұл істің еурокубоктарға қатысуға әсер ету ықтималдығына алаңдаушылық бар.

Ең қатаң сценарийлердің бірі – клубты Чемпиондар лигасынан шеттету болуы мүмкін. Дегенмен, қазіргі уақытта UEFA "Барселонаны" турнирден шығару туралы ресми шешім жариялаған жоқ. Сондықтан әзірге әңгіме тек ықтимал санкция туралы болып отыр.

Жарнама
Жарнама