Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен матч алдында жаттығу өткізді

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының төртінші турындағы Фарер аралдарына қарсы ойын алдында "Астана Аренада" кезекті жаттығуын өткізді.

Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен матч алдында жаттығу өткізді
instagram.com/kff_team/

"Астана Аренадағы" дайындық

Қазақстан құрамасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында команда жаттығуынан бейнежазба жарияланды. Кадрлардан қорғаушылар Нұралы Әліп пен Исламбек Қуатты, жартылай қорғаушы Бауыржан Исламханды және ұлттық құраманың өзге де футболшыларын көруге болады.

Команданың жаттығу процесін бас бапкер Джон ван ’т Шкип басқарды.

Қазақстанға жеңіс ауадай қажет

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымын сәтсіз бастады. C дивизионының 3-тобында үш турдан кейін команда небәрі бір ұпай жинап, турнир кестесінің соңғы орнына түсіп қалды.

Алғашқы кездесуде Қазақстан сырт алаңда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін Джон ван ’т Шкип шәкірттері қатарынан екі рет 1:2 есебімен жеңілді. Алдымен Словакияға сырт алаңда есе жіберсе, кейін Астанада Молдова құрамасынан ұтылды.

Қазақстан мен Фарер аралдары арасындағы қарымта кездесу 6 қазанда "Астана Арена" стадионында өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?