Жарнама
Жарнама
"Манчестер Сити" АПЛ-ден кетуі мүмкін
rbc.ru

"Манчестер Сити" АПЛ-ден кетуі мүмкін

Манчестерлік клубқа 100-ден астам тармақ бойынша қаржылық ережелерді бұзды деген айып тағылды. 

Англия Премьер-лигасындағы бірқатар клубтар "Манчестер Сити" келесі маусымда АПЛ-де өнер көрсетпейді деп есептейді. Бұл туралы Sky Sports хабарлады.

Манчестерлік клуб қаржылық ережелерді бұзу дерегі бойынша  100-ден астам айып тағылды.

АПЛ клубтары қатаң жаза күтеді

Sky Sports мәліметінше, лигадағы қарсылас клубтар "Манчестер Ситиге" бір маусымдық жаза жеткіліксіз деп санайды.

Олардың ұстанымынша, егер ережебұзушылықтар бірнеше жыл бойы жасалған болса, жаза да соған сай болуы керек.

АПЛ клубтары жарыс ережелері команданың мәртебесіне қарамастан, барлығына бірдей қолданылуға тиіс деген пікірде.

"Ситидің" келесі маусымдағы тағдырына күмән бар

Басылым дерегіне сәйкес, қарсылас клубтар "Манчестер Ситидің" келесі маусымда Премьер-лигада өнер көрсетпейтін сценарийін шынайы деп қабылдап отыр. Сонымен қатар клубтың бұл істі жоғары сот инстанцияларына дейін жеткізіп, айыптардың күшін жоюға тырысуы мүмкін екені айтылған.

Істің ұзақ созылу қаупіне байланысты АПЛ клубтары лиганың беделі мен жарыстың адалдығына зиян тиюі мүмкін деп алаңдайды.

Әзірге клубқа қатысты түпкілікті шешім шыққан жоқ. Сондықтан "Ситидің" АПЛ-ден шеттетілуі қазірше ықтимал сценарий ретінде ғана қарастырылып отыр.

Жарнама
Жарнама