Жарнама
Жарнама
Йонсеннің хет-тригі: "Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты
instagram/@fc__ordabasy

Йонсеннің хет-тригі: "Ордабасы" көшбасшылығын нығайтты

Шымкенттік "Ордабасы" Қазақстан Премьер-лигасының 28-турында Қызылордада "Қайсарды" тас-талқан етті.

Йонсен бірінші таймда дубль жасады

Қонақтар кездесудің 15-минутында есеп ашты. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен пенальтиді дәл орындап, "Ордабасыны" алға шығарды.

33-минутта Йонсен тағы бір гол соғып, шымкенттіктердің басымдығын арттырды. Бірақ үзіліс алдында алаң иелері есеп айырмасын қысқартты. 45-минутта "Қайсардың" бразилиялық қорғаушысы Клайдер Маседо мергендігімен көзге түсті.

Шымкенттіктер екінші таймда басымдығын арттырды

Үзілістен кейін Давид Абагна "Ордабасының" үшінші голын соқты. Ал 72-минутта Йонсен хет-трик авторы атанды.

Осылайша шымкенттіктер сырт алаңдағы матчты 4:1 есебімен аяқтады.

Бұл жеңістен кейін "Ордабасы" 64 ұпай жинады. Андрей Мартиннің командасы турнир кестесінде бірінші орнын сақтап, екінші сатыдағы "Қайраттан" төрт ұпайға ұзап кетті.

Келесі турда екі команда да сырт алаңда ойнайды. Шымкенттіктер "Ақтөбемен" кездессе, "Қайсар" Талдықорғанда "Жетісуға" қарсы ойнайды.

Жарнама
Жарнама