Ғалымжан Кенжебек UFC жұлдызы Чарльз Оливейрамен кездесті
Қазақстандық футболшы Ғалымжан Кенжебектің UFC-дің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейрамен бірге түскен суреті әлеуметтік желіде жарияланды.
Фотосурет футболшының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Жарияланған кадрға қарағанда, сурет Грозныйдағы қонақүйлердің бірінде түсірілген.
Оливейраның келесі жекпе-жегі қашан өтеді?
Бразилиялық жекпе-жек шебері Чарльз Оливейра - UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Оның кәсіби ММА-дегі рекордында 37 жеңіс, 11 жеңіліс. Жеңістерінің 32-сі мерзімінен бұрын аяқталған.
Оливейраның келесі жекпе-жегі 12 желтоқсанға жоспарланған. Титулдық кездесуде бразилиялық файтер Диего Лопеспен жұдырықтасады.
Кенжебек "Ахматтың" соңғы ойынына қатыспады
Еске салсақ, Ғалымжан Кенжебек Ресей Премьер-лигасындағы "Ахматтың" соңғы матчында өтінімге енбеді. "Балтикамен" өткен кездесуде есеп ашылмай, ойын 0:0 есебімен аяқталды.
Бұған дейін қазақстандық футболшы Ұлттар лигасы аясында құрама сапында үш кездесуге қатысқан.