Футбол
Магомед Адиев жаңа клубпен келісімге келді
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері және соңғы уақытта "Химки" клубының уақытша жаттықтырушысы болған Магомед Адиев енді "Крылья Советов" клубын баптайды.
Қазақстан әйелдер құрамасының Ұлттар лигасындағы тағдыры белгілі болды (ВИДЕО)
Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионындағы топтық кезеңін аяқтады. Мадияр Кембіловтың шәкірттері соңғы ойында Люксембургтен 1:3 есебімен жеңіліп қалды.
Дастан Сәтпаевтың клубы жазда 14 футболшымен қош айтыспақ
"Челси" 14 футболшысын сатуға дайын. Клуб басшылығы құрамды түбегейлі жаңартуды көздеп отыр.
Футбол ережесіне ресми түрде жаңа өзгерістер енгізілді
Халықаралық футбол қауымдастығының кеңесі (IFAB) 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа ереже туралы хабарлады. Енді пенальти кезінде доп қақпаға енсе де, ойыншы кездейсоқ түрде допқа екі рет тиген жағдайда соққы қайта орындалады.
16 жастағы қазақ футболшысы Nike-пен келісімшартқа отырды
Дастан Сәтпаев әлемге әйгілі Nike брендімен келісімшартқа отырып, қазақ футболында тарихи жетістікке қол жеткізді.
УЕФА суперкубогының иегері "Жеңіс" клубының тізгінін ұстады
Ұжым тізгінін 48 жастағы еуропалық маман ұстады.
Қазақстан құрамасының жұлдызы түркиялық клубтан кетеді
29 жастағы Абат Айымбетов Түркияның "Адана Демирспор" клубынан ресми түрде кетіп, еркін агент атанады.
Лука Модрич енді "Миланның" моторы бола ма?!
Мадридтік "Реал" мен Хорватия құрамасының аңызға айналған футболшысы Лука Модрич алдағы маусымнан бастап Италияның "Милан" клубында өнер көрсетеді.
Қазақстандық футбол клубының экс-директоры 7 жылға сотталды
Ақтауда аяқталған қылмыстық іс отандық футболда бұрын-соңды болмаған дау-дамайдың бетін ашты. "Каспий" ФК бұрынғы директоры Ержан Жаңбыров бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚФФ клуб басшыларын жиынға шақырды
Қазақстан футболының тағдырын шешетін басқосу 9 маусымда өтеді.
Беллингем "Реалдан" гөрі басқа клубты таңдады
Ағылшын футболының жас жұлдызы, "Сандерленд" клубының орталық жартылай қорғаушысы Джоб Беллингем мадридтік "Реалдың" жолымен емес, дортмундтық "Боруссияны" таңдағанын хабарлады.
Бундеслиганың үздік ойыншысы анықталды
Германия чемпионатының 2024/25 маусымындағы ең үздік ойыншы атағы "Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирцке бұйырды.
Қазақ вундеркинді Ресейде үздік ойыншы атанды
Дәулет Орынбасар Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирде ерекше көзге түсті. "Қайрат" ФК 16 жастағы ойыншысы үздік сұрмерген және турнирдің ең үздік ойыншысы атағын иеленді.
Бұл қалай болды?! "МЮ" кубоксыз қалса да, әлемдегі ең бай клубтардың бірі!
Forbes журналы 2025 жылғы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады. Көш басында – 6,75 миллиард долларға бағаланған "Реал Мадрид".
Зинедин Зидан 100 миллион еуродан бас тартты
Зидан "Әл-Хилал" клубының бір маусымға арналған 100 миллион еуролық ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы L’Equipe басылымы хабарлады.
Криштиану Роналду Португалия құрамасының жеңісіне үн қатты
Португалия жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалында Францияны тас-талқан етіп жеңіп, алтыншы мәрте құрлық чемпионы атанды. Бұл жетістікке ел футболының басты жұлдызы да бейжай қарамады.
Әли Әлиев: "Жарақаттар ұлттық құраманың ойынына әсер етуде"
Қазақстан құрамасында жарақат мәселесі ушығып тұр.
"Тоттенхэм" Еуропа Лигасында жеңіске жетелеген бапкерін жұмыссыз қалдырмақ
Лондондық клуб бас бапкер Анге Постекоглумен қош айтысуға бел буды. Бұл жөнінде бельгиялық спорт журналисі Саша Тавольери мәлім етті.
Бақтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатында жүлдесіз қалды
Қазақ футболының мақтанышы Бақтиер Зайнутдинов 2024/25 жылғы Түркия чемпионатында медальсіз қалды. Оның командасы "Бешікташ" төртінші орынмен шектелді. Зайнутдинов жарақатына байланысты маусымның көп бөлігін өткізіп алды.
Артём Дзюба «Қайратқа» келмейді!
Оның орнына ресейлік шабуылшы қазіргі командасы — «Акронмен» келісімшартты ұзартты.