Жарнама
Жарнама

СКА – "Барыс" матчының тағдырын буллиттер сериясы шешті

Астананың "Барысы" Николай Пучков атындағы турнирдегі алғашқы кездесуін Санкт-Петербургтің СКА командасына қарсы өткізіп, буллиттер сериясында жеңіліп қалды. 

СКА – "Барыс" матчының тағдырын буллиттер сериясы шешті
hcbarys.kz

Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмады

Бірінші кезеңде командалар тең дәрежеде ойнағанымен, есеп аша алмады. Матчтың екінші бөлігінде СКА шабуылшысы Матвей Короткий Никита Недопекиннің пасынан кейін шайбаны қақпаға дәл бағыттап, алаң иелерін алға шығарды.

Үшінші кезеңде "Барыс" таразы басын теңестірді. Астаналық команданың сапында Всеволод Логвин нәтижелі соққымен көзге түсті.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, кездесу овертаймға ұласты. Қосымша кезеңде де шайба соғылмаған соң, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Шешуші соққыларда СКА хоккейшілері дәлдік танытып, жеңіске жетті.

Келесі қарсылас кім?

Енді елордалық клуб 28 тамызда Санкт-Петербургтің СКА-ВМФ командасымен кездеседі.

Матч Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама