ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан құрамасының қақпашысы Еуропада жарқын дебют жасады

Хоккейден Қазақстан құрамасының қақпашысы Владислав Пестов Шотландияның "Данди Старз" клубы сапында алғашқы матчын өткізіп, жарқын ойынымен көзге түсті.

Қазақстан құрамасының қақпашысы Еуропада жарқын дебют жасады
sports.kz

"Данди Старз" бірде-бір шайба жіберген жоқ

Қазақстандық голкипер Британ элиталық хоккей лигасының (EIHL) маусым алдындағы кездесуінде 40 минут ішінде 29 соққыны қайтарды. Жаңа маусымға дайындық аясындағы бақылау матчы Глазгодағы "Брейхед" аренасында өтті.

"Данди Старз" жергілікті "Глазго Клан" командасын 3:0 есебімен жеңді. Владислав Пестов кездесуді негізгі құрамда бастап, алғашқы екі кезеңді толық өткізді.

Қазақстандық қақпашы үшінші кезең басында алмастырылды.

Пестов 40 минутта 29 сейв жасады

Мұз айдынында өткізген 40 минут ішінде Владислав Пестов қарсыластың 29 соққысын қайтарып, өз қақпасына шайба өткізген жоқ.

Сөйтіп Қазақстан құрамасының голкипері Ұлыбританиядағы алғашқы кездесуінде-ақ сенімді ойын көрсетіп, жаңа клубының жеңісіне үлес қосты.

Пестов шотландиялық клубқа биыл 29 маусымда Өскеменнің "Торпедосынан" ауысқан.

Ол Қазақстан ұлттық құрамасындағы дебютін 2025 жылдың қарашасында өткізді. Былтыр тарихта алғаш рет ұйымдастырылған хоккейден Азия чемпионатында екі матчқа қатысып, Қазақстан құрамасының алтын медаль жеңіп алуына көмектесті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.