ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

"Барыс" Ресейдегі турнирде камбэк жасады (ВИДЕО)

Астананың "Барыс" хоккей клубы Башқұртстан Республикасының кубогындағы соңғы кездесуін жеңіспен аяқтады.

"Барыс" Ресейдегі турнирде камбэк жасады (ВИДЕО)
instagram.com/barys_official/

Шайхмедденов есепті теңестірді

Қазақстандық команда Тольяттидің “Ладасын” 2:1 есебімен ұтып, турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті. Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Сондықтан үзіліске дейін есеп ашылған жоқ.

Екінші жиырма минуттықта “Лада” сапынан Расим Шакиров мергендік танытты. Дегенмен “Барыс” көп ұзамай жауап қайтарды. Астаналықтардың шабуылшысы Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді.

Симонов “Барысқа” жеңіс сыйлады

Матч тағдыры үшінші кезеңде шешілді. Семен Симонов шешуші шайбаның авторы атанып, “Барыстың” камбэк жасауына мүмкіндік берді.

Қорытынды есеп – 2:1. Осылайша Михаил Кравец жаттықтыратын команда Башқұртстан Республикасының кубогындағы алғашқы жеңісін тіркеді. Бұған дейін елордалық клуб турнирде Уфаның “Салават Юлаевынан” 1:4, ал Хабаровскінің “Амурынан” 1:5 есебімен жеңілген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.