Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды
Польшаның Сосновец қаласында Қазақстан құрамасы Украинаға қарсы 4:4 есебімен ойнады.
instagram/@kazakhstanicehockey
Элиталық дивизионға мерзімінен бұрын шықты
Қазақстан құрамасы сапынан Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов және тәжірибелі шабуылшы Роман Старченко шайба соқты.
Овертаймда қос команда да жеңіс голын соға алған жоқ. Ал буллит сериясында қазақстандық хоккейшілер 2:1 есебімен басым түсті.
Осы жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алды.
Көш бастады
Айта кетейік, IA дивизионында үздік екі команда ғана топ-дивизионға көтеріледі. Төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 11 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр. Украина құрамасының еншісінде төрт матчтан кейін 7 ұпай бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet