Қазақстан хоккейшілері ӘЧ-2026 қожайындарын тізе бүктірді

Бокс шолушысы

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының Бірінші дивизионында үшінші жеңісіне жетті.

Қазақстан хоккейшілері ӘЧ-2026 қожайындарын тізе бүктірді
instagram/@kazakhstanicehockey

Тартысты матч және ерік-жігер жеңісі

Қазақстан құрамасы Польшаға қарсы кездесуді сәтсіз бастады. Ойынның небәрі 69-секундында шайба жіберіп алды. Бірақ бұдан кейін Талғат Жайлауовтың шәкірттері ойын тізгінін біртіндеп иеленіп, қарсылас қақпасына қысымды күшейтті. Негізгі тартыс үшінші кезеңде өрбіді.

Үшінші жиырма минуттықта Қазақстан камбэк жасай алды. 49-минутта Батырлан Мұратов есепті теңестіріп, командаға үміт сыйлады.

Ал матчтың шешуші сәтінде Семен Симонов қазақстандықтарды алға шығарды. Кейін 59-минутта Кирилл Савицкий де көзге түсіп, басымдықты арттырды. Польша соңында бір шайба соққанымен ойынды құтқарып қала алмады. Қорытынды есеп 2:3.

Қазақстан топта жеке дара көш бастады

Қазақстан құрамасы үш матчтан соң 9 ұпай жинады. Бұған дейін Литваны 4:1, ал Жапонияны 6:0 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 7 мамырда Украинаға қарсы өткізеді. Бұдан кейін Франциямен ойнайды.Айта кетейік, турнир қорытындысы бойынша үздік екі команда әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алады.