Қазақстан хоккейіне жоғары баға берілді
"Металлург" хоккей клубының және ұлттық құрама шабуылшысы Никита Михайлис "Барыстың" қазіргі жағдайы және Польшадағы әлем чемпионаты жайлы пікір білдірді.
Магнитогорсктің “Металлург” клубында ойнайтын Михайлис Қазақстан хоккейінің қазіргі деңгейін оң бағалады. Оның айтуынша, ұлттық құрамада буын алмасу кезеңі жүріп жатыр. Бұл іс ұзақмерзімді перспективада өз жемісін береді.
“Қазір құрамада жастар көп. ҚХЛ-да ойнап жүрген жігіттер де аз емес. Жыл сайын олар тәжірибе жинап, мықтырақ болады. Соның арқасында бәсекеге қабілетті команда көреміз”,- деді хоккейші ресейлік басылымға берген сұхбатында.
“Барыс” көшбасшы болады
Хоккейші “Барыстың” соңғы маусымдардағы нәтижесіне қатысты да пікір білдірді. Ол команданың әлсіреуін уақытша процесс ретінде бағалайды.
“Қазір құрамды жаңарту ісі жүріп жатыр. Көп жас ойыншы қосылды. Болашақта олар көшбасшыға айналады, “Барыс” қайтадан шыңға шыққан сәтті күтеміз.”