Жарнама
Жарнама

"Барыс" ЖХЛ клубынан буллит сериясында жеңіліп қалды

Астаналық "Барыс" Санкт-Петербургте Николай Пучков атындағы турнирде ЖХЛ-да өнер көрсететін жергілікті СКА-ВМФ клубына буллит сериясында жол берді.

"Барыс" ЖХЛ клубынан буллит сериясында жеңіліп қалды
hcbarys.kz

Кирилл Ляпунов есеп ашты

Кездесудің алғашқы кезеңінде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады. Екінші кезеңде "Барыс" сан басымдығын тиімді пайдаланып, есеп ашты. Ұзаққа созылған шабуылды Кирилл Ляпунов дәл соққымен аяқтады.

Ал үзіліске 13 секунд қалғанда СКА-ВМФ таразы басын теңестірді. Петерборлық команданың шабуылшысы Никита Сураев нәтижелі соққысымен көзге түсті.

Жеңімпаз буллит сериясында анықталды

Үшінші кезеңде есеп өзгермегендіктен ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта да жеңімпаз анықталмай, командалар буллит сериясын орындады. Шешуші кезеңде ресейлік клубтың хоккейшілері мүлт кетпеді.

Енді астаналық команда Николай Пучков атындағы турнирдегі қорытынды ойынын Владивостоктың "Адмирал" клубына қарсы өткізеді. Матч 29 тамызда Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Жарнама
Жарнама