Овечкин: Гретцкидің рекордына 37 шайба қалды
30.10.2024, 09:36
Жуырда ресейлік шабуылшы осы маусымдағы алғашқы дублін жасап, командасын жеңіске жеткізген болатын.
championat.ru
«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасында (НХЛ) 856-шы және 857-ші шайбаларын соқты. Бұл голдар «Вашингтон Кэпиталз» командасына НХЛ-дың тұрақты маусымдық матчында «Нью-Йорк Рейнджерсті» өз алаңында 5:3 есебімен жеңуге көмектесті.
Осылайша, Овечкин Ұлттық хоккей лигасының үздік мергені Уэйн Гретцкидің (894 гол) рекордын жаңартуға тағы да жақындай түсті. Қазір олардың арасы 37 шайбаға дейін қысқарып отыр.
Жалпы, Овечкин НХЛ-дегі мансабында барлығы 1434 матчқа қатысып, 857 гол соққан. 700 нәтижелі пас берген.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама