Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық дзюдошылар Чемпиондар лигасында қола жүлде иеленді

Сарапшы, спорт журналисі
23.11.2025, 13:29

Сербия астанасы Белградта дзюдодан клубтар арасындағы Чемпиондар лигасы аяқталды. Бұл турнир футбол додасы секілді дзюдо спортынан ұйымдастырылатын беделді командалық жарыс саналады.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

«Жеңіс» клубы жарыс барысында германиялық «Абенсберг» командасын 4:3 есебімен жеңді. Алайда ширек финалда грузиялық «Голден Гори» клубына 2:4 есебімен жол берді. Жұбаныш белдесуінде Италияның «Акияма» командасын 4:3 нәтижесімен ұтып, қола медаль үшін сынға түсу мүмкіндігіне болды.

Ал үшінші орын үшін өткен шешуші кездесуде «Жеңіс» сербиялық «Партизан» клубын 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Айта кетейік, бұл сында «Жеңіс» клубының сапында Олимпиада жүлдегері Музаффарбек Туробоев, Шахрам Ахадов, Айдар Арапов және басқа да мықты дзюдошылар өнер көрсеткен. Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып, жүлделі орыннан көрініп отыр.

Чемпиондар лигасында ПСЖ дзюдо клубы топ жарды. Париждік татами шеберлері финалда жергілікті «Ред Стар» клубын 4:2 есебімен ұтып, турнирдің басты трофейін иемденді. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары