Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Енді оны көрмейміз»: Шумахердің досы аңыз пилоттың қазіргі хәлі туралы айтты

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 21:10

Неміс автоспортының символына айналған жеті дүркін «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахердің жанкүйерлері оны қайта көрмеуі мүмкін. Бұл туралы оның жақын досы, Red Bull командасының бұрынғы қызметкері Ричард Хопкинс айтты. 

vesti.kz
Реклама
Реклама

«Оны қайта көреміз деп ойламаймын» – Ричард Хопкинс

Red Bull командасында операциялық бөлімді басқарған Ричард Хопкинс аңыз пилоттың жағдайына қатысты сирек пікір білдірді. Ол Шумахер туралы анда-санда айтқанымен ең жақындар қатарына кірмейтінін атап өтті.

Хопкинстің сөзінше, Михаэльдің қазіргі халі өте ауыр, сол себепті жанұясы оны барынша оқшаулап, сырт көзден қорғайды. Осыған байланысты жанкүйерлерге жететін ақпарат тым аз.

«Соңғы уақытта ол туралы ештеңе естімедім. Білгенім – оның жеке дәрігері бар, фин маманы. Шындығын айтсам, біз Михаэльді қайта көреміз деп ойламаймын. Оның жағдайы жайлы айту ыңғайсыз, себебі отбасы ол ақпараттың құпия сақталғанын қалайды. Мен пікір білдіре аламын, бірақ сол жақын шеңбердің ішінде емеспін», – дейді Хопкинс.

Ол кез келген қонақ Шумахердің үйіне үлкен құрметпен келетініне сенімді екенін айтып, отбасының құпиялылық туралы шешімін түсінетінін жеткізді.

«Кім келсе де, отбасының қалауын сыйлайды деп ойлаймын. Олар оның жағдайын жария қылғысы келмейді – бұл да әділ, әрі отбасына құрмет. Тіпті мен бәрін толық білсем де, оны айтып жүруге моральдық құқығым жоқ болар еді», – деп қосты ол.

Неге Михаэль Шумахер туралы жаңалық аз?

Шумахердің жанұясы 2013 жылғы тау-шаңғысында жарақат алған сәттен бері оның денсаулығына қатысты ақпаратты қатаң құпияда ұстап келеді. Сирек шығатын жаңалықтардың көбі – инсайдерлер мен бұрын бірге жұмыс істеген адамдардың жанама пікірлері.

Ашық сұхбаттар берілмейді, ресми мәлімдемелер де өте аз. Хопкинстің айтуынша, бұл – жанұяның саналы таңдауы, олар аңыз спортшыны барынша сыртқы қысымнан қорғауға тырысуда.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары