Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Жылдың соңында береді – Нұрқожа Қайпанов уәде етілген пәтерін алатын болды

Сарапшы, спорт журналисі

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов мәлімдеме жасап, өзіне бір жылдан бері берілмеген пәтердің қашан табысталатыны туралы айтты.

Жылдың соңында береді – Нұрқожа Қайпанов уәде етілген пәтерін алатын болды
Нұрқожа Қайпанов. Фото: ҰОК

Оның айтуынша, еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы оған бір жыл бұрын уәде етілген баспананың неліктен кешіктіріліп жатқанын түсіндірген.

«Әлеуметтік желіде аға-апаларымыз хабарласып, уайымдап жатыр. Маған пәтер жыл соңына таман берілетін болды. Оның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады. Бұл туралы федерация тарапы айтып, түсіндірді. Мәселе бойынша барлығы жақсы, уайымдамаңыздар. Федерация бізге көмегін тиігізіп жатыр», - деді Нұрқожа Қайпанов.

Бірер күн бұрын балуан әлем чемпионы атанған соң федерацияның қорытынды жиынында өзіне пәтер сертификаты табысталғанымен, оған қол жеткізе алмағанын айтқан еді. Еліміздегі бірнеше БАҚ аталған мәселе туралы жазғаннан кейін балуанның мәселесі шешімін тауып отыр.

Нұрқожа Қайпанов 2024 жылы Венгрияда күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған. Аталған айтулы оқиғадан кейін балуанға Еркін Қожасбай құны қымбат көлік мінгізсе, Ақтөбе облысында кәсіпкерлер 20 жылқы сыйлады. Айта кететін жайт, отандық бозкілем шебері биыл Азия чемпионатында топ жарып, күзде әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір