Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Магнус Карлсен кезекті рет әлем чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
31.12.2025, 14:15

Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен блиц шахматтан өткен әлем чемпионатында тоғызыншы мәрте топ жарды. Дүбірлі дода Катар астанасы Дохада өткен болатын.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Финалда Карлсен Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторовты 2,5:1,5 есебімен жеңіп, чемпион атанып отыр. Осылайша норвегиялық шахматшы бұл турнирді қатарынан төртінші рет ұтып отыр. Бұған дейін ол жылдам шахмат (рапид) бойынша да әлем чемпионы атанған еді.

Іріктеу кезеңінде 19 тур ойналып, үздік төрт шахматшы плей-оффқа жолдама алды. Бұл кезеңде үндістандық Арджун Эригайси 15 ұпаймен көш бастаса, одан кейін Фабиано Каруана (АҚШ) - 14 ұпай, Магнус Карлсен - 13,5 ұпай және Нодирбек Абдусатторов - 13 ұпай жинады.

Жартылай финалда Карлсен америкалық Каруананы жеңсе, Абдусатторов Эригайсиден басым түсті.

Айта кетейік, Магнус Карлсен бұған дейін блицтен әлем чемпионы атағын 2009, 2014, 2017, 2018, 2019, 2022, 2023 және 2024 жылдары жеңіп алған. 2024 жылғы турнирде ол ресейлік Ян Непомнящиймен бірге чемпион атанған еді.

Бұл сында әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Бибісара Асаубаева үшінші мәрте жеңімпаз атанып, финалда украиналық Анна Музычукты 2,5:1,5 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары