Михаил Шайдоров Олимпиада-2030 туралы шешімін жариялады
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысты жоспарын айтты.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жанкүйерлерімен әлеуметтік желіде сөйлесу кезінде болашақ жоспары туралы сұраққа жауап берді.
Жанкүйерлердің бірі спортшыдан 2030 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына дайындала ма деп сұраған.
"2030 жылғы Олимпиадаға дайындаласың ба? Ізгі ниетпен Италиядан", — деп жазған жанкүйер.
Михаил Шайдоров бұл сұраққа нақты жауап беріп, келесі Олимпиадаға қатысуға ниетті екенін айтты.
"Иә, әрине. Мен көп жаттығамын және бар назарымды осыған аударамын", — деді қазақстандық спортшы.
Миландағы тарихи жеңіс
2026 жылдың ақпанында Михаил Шайдоров Милан және Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы турнирде жеңіске жетті.
Қазақстандық спортшы 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.