Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы орнын сақтап қалды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Қазақстан Кишиневте 2026 жылғы Еуролига кезеңіндегі өнерін аяқтады.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролигадағы орнын сақтап қалды (ВИДЕО)
instagram.com/kff_beach_soccer/

Топтық кезеңдегі алғашқы жеңіс

Ұлттық құрама лғашқы ойында Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберді. Екінші матчта Италияға 1:12 есебімен жол берді.

Топтық кезеңнің соңғы кездесуінде Бельгиямен 3:3 есебімен тең түсті. Пенальти сериясында ұлттық құрама 3:1 есебімен басымдық танытып, турнирдегі алғашқы жеңісіне жетті. 

Қазақстан 5-8-орындар үшін өткен плей-офф кезеңінде Эстониямен кездесті. Тартысты әрі нәтижелі ойын 7:5 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. Осы нәтиже ұлттық командаға бесінші орын үшін таласуға мүмкіндік берді.

Бесінші орын үшін өткен шешуші кездесуде Қазақстан Украина құрамасына қарсы ойнады. Ұлттық команда қарсыласына лайықты қарсылық көрсеткенімен, матч 3:4 есебімен Украина пайдасына аяқталды.

Қазақстан А дивизионында қалды

Кишиневтегі турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 16 қатысушының арасында алтыншы орынға тұрақтады.

Ең бастысы жарыс алдындағы негізгі міндетін орындап, Еуролиганың элиталық А дивизионындағы орнын келесі маусымға сақтап қалды.