Жарнама
Жарнама

"Қайрат" карантинге жабылды

Алматылық "Қайрат" футзал клубы команда ішінде желшешек ауруының анықталуына байланысты уақытша карантин режиміне көшірілді.

"Қайрат" карантинге жабылды
Instagram/@futsalkazakhstan

Карантин 7 қыркүйекке дейін созылады

Алматылық клубта карантин режимі 25 тамыздан 7 қыркүйекке дейін күшінде болады. Осы жағдайға байланысты "Қайрат" Қазақстан кубогының биылғы маусымына қатыса алмайды. Команда турнирден автоматты түрде шеттетіледі.

Карантин Қазақстан Суперкубогының өтуіне де әсер етті. Бастапқы жоспар бойынша 29 тамызда "Қайрат" пен "Семей" Суперкубок үшін кездесуі тиіс еді. Бірақ бұл матч белгіленген күні өтпейді.

Алматылық клуб Қазақстан футбол федерациясына жағдай туралы ресми түрде хабарлап, кездесуді басқа мерзімге ауыстыру жөнінде өтініш жолдаған.

"Қайрат" – Қазақстанның 22 дүркін чемпионы

Еске салайық, "Қайрат" биыл маусым айында футзалдан Қазақстан чемпионатын 22-рет жеңіп алды.

Финалдық серияның шешуші бесінші кездесуінде алматылықтар "Семейді" қосымша уақытта 3:2 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін "Қайрат" финалдық серияда да 3:2 есебімен басым түсіп, кезекті чемпиондық атағына жетті. 

Жарнама
Жарнама