Жаңалықтар
Милан–2026: Қазақстан өкілдері ISU ұйымдастырған ресми қабылдауға қатысты
Кездесу барысында Алматыда өтетін келесі Азия ойындарының жоспары талқыланды.
Ана мен бала. Ақ олимпиадада бұрын-соңды болмаған жағдай тіркелді
Тау шаңғышылары Сара Шлепер мен оның ұлы Лассе Гахиола Италиядағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп, әлем жұртшылығын таңқалдырды.
Ресми: Сәбина Алтынбекова "Астанадан" кетті
Еліміздің ең танымал волейболшысы елордалық клубпен келісімшартты үзгені белгілі болды.
Олимпиада-2026: Бүгін кім сынға түседі?
Қазақстандық спортшылар төрт спорт түрінен бақ сынайды. Жарыстарды тікелей эфирде тамашалауға болады.
"Мен барымды салдым!" - Абзал Әжіғалиев 500 метрде көш бастады
Қазақстандық шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев Олимпиада-2026 ойындарында 500 метр қашықтықтағы жарыстан кейін өз пікірін білдірді.
Жапондарды мойындатқан қазақ мемлекеттік марапат алды
Мемлекет басшысы Ерсін Балтағұлға спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін ІІ дәрежелі "Барыс" орденін табыстады.
Үмітті кім ақтайды? Қазақстан тағы да төмен сырғыды
Бүгін ақ олимпиадада Қазақстан құрамасы үш спорт түрінен сынға түседі. Олардың арасында медальге басты үміткерлердің бірі Абзал Әжіғалиев те бар.
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлемдік элита қатарына қосылды
Отандасымыз әлемдік рейтингтегі тарихи ТОП-10 спортшы қатарына енді
"Жеңіс әрдайым қуантады". Бибісара Асаубаева тағы да әлем чемпионын тізе бүктірді
Бұл нәтиже қазақстандық спортшыға 2027 жылы Германияның Вайсенхаус қаласында өтетін фристайл-шахматтан әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін берді.
Геннадий Головкин тарихи турнирге қатысып, сый алды (ФОТО)
Бакуде алғаш рет AIGA лигасы мен United World Wrestling (UWW) ұйымының бірлескен турнирі ұйымдастырылды. Шара аясында екі тарап ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, стратегиялық әріптестік орнатты.
Абзал Әжіғалиев медальге таласады. Бүгін тағы кім жарыс жолына шығады?
Ақ олимпиаданың оныншы күні Қазақстан құрамасы үш спорт түрінен сынға түседі.
Алматы тұрғындары Денис Теннің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін осылайша даңқты спортшымызды еске алды.
Сәбина Алтынбекова Қазақстаннан кетіп қалды
Ертең Өскеменде әйелдер арасында волейболдан Ұлттық лиганың үшінші ірі туры басталады. Бірақ тур қарсаңында ел жанкүйерлерін алаңдатқан жаңалық шықты. "Астана" волейбол клубы ойындарға Сәбина Алтынбековасыз келген.
Колумбиядағы сенсация: қазақстандық спортшы әртістік жүзуден триумф жасады
Ел қоржынына алтыннан бөлек тағы бір қола жүлде кірді.
Тарихта тұңғыш рет: Қысқы Олимпиадада алғашқы тоғыз дүркін чемпион пайда болды
Норвегиялық шаңғышы Йоханнес Хёсфлот Клэбо Милан – Кортина-2026 Қысқы Олимпиадасында Норвегия құрамасының сапында эстафетада алтын алып, Қысқы ойындар тарихына жаңа рекорд жазды.
Юлия Галышева Олимпиададағы мансабын аяқтады
Қазақстанның ең танымал фристайлшы қыздарының бірі, 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Олимпиададағы спорттық жолын ресми түрде тәмамдады.
Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылардың кезекті жарыс күні қалай өтті?
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың сегізінші жарыс күні өтті.
Олимпиада-2026: Канада мен Швеция спортшылары төбелесіп қала жаздады
Милан–Кортинадағы Қысқы Олимпиада ойындарының ерлер керлингіндегі топтық кезеңінде Канада құрамасы Швецияны 8:6 есебімен ұтты. Бірақ ойын нәтижесінен бұрын, алаң үстіндегі ережеге қатысты айыптау мен қатты сөзге ұласқан жанжал көптің назарын аудартты.
Олимпиада-2026: қазақстандық спортшы параллелді могулде қарсыласынан басым түсті
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиаданың кезекті ойын күні жалғасуда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты тарихи жеңісімен құттықтады
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды.