Жаңалықтар
50 жастағы өзбекстандық гимнасшы бірегей рекордқа жақындап келеді
Өзбекстандық гимнаст, Олимпиада чемпионы Оксана Чусовитина 50 жасқа толса да үлкен спорттан кеткен жоқ. Ол туған қаласы Ташкентте өткен Challenge Cup кезеңінде екінші орын иеленіп, жас спортшыларға бәсеке көрсетті. Гимнастика тарихында ешкім мұндай жасқа жетіп, әлі де халықаралық ареналарда өнер көрсетіп көрген емес.
Шавкат Рахмонов прокуратураға барды! Не үшін шақыртты?
UFC-дегі Қазақстан мақтанышы Алматы облысының прокуроры Берік Адамовпен кездесті. Екеуара әңгіме жастар тәрбиесі, нашақорлықпен күрес және салауатты өмір салтын насихаттау тақырыптарына арналды.
Семсершілер Азия чемпионатында екінші медаль жеңіп алды
Бали аралында (Индонезия) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы шпагамен қорғану бойынша командалық сында екінші орынды иеленді. Финалда отандастарымыз Жапония құрамасына 45:39 есебімен есе жіберді.
Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына шықты
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан ерлер құрамасы шешуші кезеңге жолдама алды.
Қазақстандық гимнасшы Болгарияда таңдай қақтырды
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатында үшінші мәрте финалға өтті.
Садақ ату: Қазақстан Азия кубогында тағы алтын медаль жеңіп алды (ВИДЕО)
Қазақстан құрамасының қоржынына Сингапурдағы садақ атудан Азия кубогында екі алтын жүлде түсті.
Бойы 226 см! Қытай баскетболының құпия қаруы кім?
226 сантиметр бойлы 18 жастағы Чжан Цзыюй Қытай құрамасында дебют жасап, бірден баскетбол әлемінің назарын аударды — ол алғашқы екі матчында қарсыластардың қорғанысын талқандап, Қытайға ірі жеңіс әкелді.
Азияны таңғалдырған қазақстандық семсерлесуші кім?
Қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, ал ұлттық құраманың тағы үш спортшысы үздік ондыққа енді.
Бір ұпаймен финалдан тыс қалған Қазақстан қолаға қол жеткізді
Жартылай финалда Үндістанға небәрі бір ұпаймен есе жіберген қазақстандық арулар Бангладеш құрамасын 230:224 есебімен жеңіп, құрлықтық турнирдің жүлдегері атанды.
Дарын Қонысбаев халықаралық турнирде топ жарды
Дарын Қонысбаев Бурабайда өткен Азия кубогының кезеңінде триатлоннан ел намысын абыроймен қорғап, жарыстың басты жүлдесіне ие болды.
Сумо мен киберспорт бір аренада! ЭКСПО-2025 көрмесінде не болып жатыр?
Сумо аренасында тарсылдаған балуандар, экран алдында шайқасқан киберчемпиондар және аспанға көтерілген ұшқыштар — мұның бәрі Осакада өтетін ЭКСПО-2025 көрмесінде бір сахнада тоғысады.
Олимпиада чемпионын ұтқан қазақ баласы! Таеквондода тарихи жеңіс тіркелді
АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Grand Prix Challenge жарысында Қазақстанның таеквондо шеберлері сенсациялық нәтиже көрсетті. Ел құрамасының мүшелері – Тамерлан Тілеулес пен Батырхан Төлеуғали — халықаралық аренада қола медаль иеленіп, 44 елдің ішінен үздіктер қатарына енді.
Күтпеген жағдай: Атақты миллиардер поло ойнап жүріп көз жұмды
53 жастағы кәсіпкерді бал арасы шағып алған.
Қазақстан құрамасы әлем кубогында сенсация жасады
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен көркем жүзуден Әлем кубогының суперфиналында үздік үштікке енді.
Алмас Өтешов Қызылордада жаңа қызметке кірісті
Ауыр атлетикадан ел абыройын асқақтатқан Алмас Өтешов жауапты лауазымға тағайындалды.
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жоғары лауазымға тағайындалды
Рио-2016 Олимпиадасының жеңімпазы Дмитрий Баландин енді Қазақстандағы су спорт түрлері федерациясының басшылық құрамында қызмет атқарады.
Қазақстанда спортты қаржыландыру қысқарды: Миллиардтар қайда жұмсалды?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Туризм және спорт министрлігі елдегі спортты қаржыландыру саласындағы жүйелі жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Нәтижесінде миллиардтаған қаражат қысқартылып, бірқатар жаңа ереже енгізілді.
Қазақстандық шахматшылар британ парламенттерімен шеберлік байқасты
Қазақстандық шахматшылар Ұлыбритания Парламентінде алғаш рет тарихи матч өткізді – Лордтар, премьер-министрдің экс-кеңесшісі және парламент қызметкерлері біздің гроссмейстерлермен тақтада сайысты.
Санасыз қалған құрама. Қазақстан волейболшылары жанкүйерлерді күйзелтті
Волейболдан Қазақстан қыздар құрамасы Вьетнамда өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогында жартылай финалға шықты.
Қазақстан волейболшылары Иранды жеңді
Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан AVC Ұлттар Кубогының топтық кезеңіндегі төртінші матчында Иранмен 3:1 есебімен жеңді (25:14, 25:18, 22:25, 26:24).