Мұхит Амантаевтың ісі бойынша сот шешімі жарияланды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы
Бүгін, 21:08

Бокстан жаттықтырушы Мұхит Амантаев IBA Nomad 15 турниріндегі әрекеті үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

instagram.com/mukhit_amantayev/

Амантаевқа айыппұл салынды

Астана қаласының полиция департаменті Мұхит Амантаевқа қатысты сот шешімін жариялады. Ведомствоның мәліметінше, спортшы көпшілік алдында өткен іс-шара кезінде бейәдеп сөз қолданғаны үшін жауапқа тартылған.

Полиция хабарламасында бұл әрекет ұсақ бұзақылық ретінде бағаланғаны айтылды. Сот шешімі бойынша Амантаевқа 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Мұхит Амантаев қоғамдық орында балағат сөз айтып, айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытқан. Осыған байланысты оған әкімшілік іс қозғалған.

Бұл жағдай IBA Nomad 15 турнирі аясындағы жекпе-жек алдындағы трешток кезінде болған. Амантаев қарсыласы Әнуарбек “Мотиватор” Бекембетовке қатысты дөрекі сөздер айтқан.

Амантаев пен Бекембетов жекпе-жегі қалай аяқталды?

4 шілде күні Алматыда IBA Nomad 15 турнирінде Мұхит Амантаев Әнуарбек “Мотиватор” Бекембетовпен жұдырықтасты. Кездесу “ММА тік тұру” ережесі бойынша өтті.

Жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Бекембетов бауыр тұсына дәл соққы жасап, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Реклама
Реклама