Бибісара Асаубаева Қазақстан әнұранын орындады (ВИДЕО)

Спорт шолушысы

Қазақстандық танымал шахматшы жанкүйерлерін жаңа қырымен таңғалдырды.

Бибісара Асаубаева Қазақстан әнұранын орындады (ВИДЕО)
insports.kz

Жаңа хобби

Бибісара Асаубаева Instagram парақшасында фортепианода ойнап отырған видеосын жариялады. Шахматшының айтуынша, ол музыкалық аспапты енді ғана меңгеріп жүр.

“Тағы бір жаңа хобби. Мінсіз емес, бірақ тырысып жүрмін. Бұл бар болғаны 5-6 сабақтан кейінгі нәтиже”, – деп жазды Асаубаева.

Шахматшы видеода ел әнұранын орындаған. Ол жазбасында жанкүйерлерінен еңбегін бағалауды өтінді.

Шахматшы оқырмандарына үндеу жасады

Бибісара Асаубаева Instagram stories бөлімінде де жазба жариялап, өз өнеріне пікір қалдыруды сұраған.

“Талпынысымды бағалаңыздар. Сеніңіздер, аз еңбек кеткен жоқ. Әуенді тапқандар дұрыс жауапты пікірлерден көре алады”, – деді ол.

Бұл видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, қазақстандық шахматшының спорттан бөлек өнерге де қызығушылығы бар екенін көрсетті.

Қазақстан шахматының көшбасшыларының бірі

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева – блицтен үш дүркін әлем чемпионы. Халықаралық аренада Қазақстан шахматының басты өкілдерінің бірі саналады.

Биыл қазақстандық шахматшы Үміткерлер турнирінде екінші орын иеленді. Бұл нәтиже оның әлемдік шахмат элитасындағы орнын тағы бір мәрте айқындады.