Данияр Елеусіновтің жол апатынан кейін ұсталған видеосы жарияланды

Бокс шолушысы
Бүгін, 19:04

Астана полициясы Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің жол-көлік оқиғаларынан кейін ұсталған сәтінің видеосын жариялады.

instagram.com/yeleussinovdaniyar/

Полиция Елеусіновтің ұсталған сәтін көрсетті

Астана қаласының полиция департаменті Данияр Елеусіновке қатысты оқиға бойынша бейнежазба таратты. Кадрларда боксшының жол апаттарынан кейін ұсталған сәті көрсетілгені хабарланды.

Еске салайық, бұған дейін Астананың әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Данияр Елеусіновке қатысты шешім шығарған.

Сот қаулысына сәйкес, Олимпиада чемпионы 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сотта қандай дерек айтылды?

Сот анықтаған мәліметке сәйкес, Данияр Елеусінов көлікті мас күйде басқарған. Осы кезде қатарынан бірнеше жол-көлік оқиғасына қатысқан.

Алдымен жерасты паркингінің қақпа тірегіне соғылғаны, кейін басқа көлікке барып соқтығысқаны айтылды. Одан кейін тағы бір автомобильмен соқтығысып, соның салдарынан көлік өзге машинаға тигені хабарланды.

Наркологтың қорытындысы бойынша боксшының мас күйде болғаны анықталған. Сот отырысында Елеусінов өз кінәсін мойындағаны мәлім болды. Осыған байланысты сот оған көлік жүргізу құқығынан айыру және әкімшілік қамау түріндегі жаза қолданды.

Реклама
Реклама