Қуат Хамитов ер адам кімнің алдында тізе бүгуі керек екенін айтты
Қазақстандық ММА файтері әлеуметтік желіде ер адамның өміріндегі ананың орны туралы пікір білдірді.
Ана туралы ойын айтты
Хамитов Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында ер адам үшін ананың орны ерекше екенін атап өтті.
"Ер адам өмірінде тек бір әйелдің алдында тізе бүгуі керек. Ол — анасы!" — деп жазды Қуат Хамитов.

Осылайша қазақстандық файтер анаға деген құрмет ер азамат үшін ең маңызды құндылықтардың бірі болуы керек деген ойын жеткізді.
Әлеуметтік желідегі мәлімдемелері
Қуат Хамитов спорттағы өнерімен қатар, әлеуметтік және қоғамдық тақырыптарға қатысты өткір пікірлерімен де танымал. Ол әлеуметтік желілерде Қазақстандағы спорт, қоғамдағы мәселелер және дәстүрлі құндылықтар жөніндегі көзқарасын ашық айтып келеді.
Файтердың бірқатар бұрынғы мәлімдемелері қоғамда үлкен резонанс тудырған. Атап айтқанда, COVID-19 пандемиясы кезінде дезинфекция қызметкерлеріне қатысты айтқан сөзі, ЛГБТ-шараларына байланысты пікірі және Қазақстан футболын мемлекеттік қаржыландыруды сынауы қызу талқыланған еді.