дисквалификация
Өзбекстандық Олимпиада чемпионы үш жылға шеттетілді
Бокстан Париж Олимпиадасының чемпионы, өзбекстандық Лазизбек Муллажонов допинг дауына байланысты үш жылға спорттан шеттетілді.
Мексикадағы бокс кешінің басты айқасы жанжалмен бітті
Тихуана қаласындағы Auditorio Municipal аренасында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі күтпеген жерден жанжалға айналды. Жергілікті супержеңіл салмақ (63,5 кг дейін) өкілі Анхель Фиерро (23-3-2, 18 КО) отандасы Абрахам Кордеродан (16-6-2, 8 КО) дисквалификация арқылы жеңіліп қалды.
«Реалдың» бес қорғаушысы «Қайратқа» қарсы ойнамайды
Мадридтің «Реалы» Алматыда өтетін «Қайратқа» қарсы ойында бірден бірнеше негізгі қорғаушысынан айырылды.
Қазақстандық шорт-трекші допингпен ұсталды
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) тәртіптік комитеті қазақстандық шорт-трекші Еркебұлан Шамұхановты спорттан шеттетті.
Өзбекстан Азия чемпионатынан жанжалмен шеттетілді
Гандболдан Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Өзбекстан қыздар құрамасы күтпеген жерден турнирден аластатылды.
Қазақстандық ММА файтері допингпен ұсталды
Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) өкілі Нұрсұлтан Меңдібаев допинг-тесттен өте алмады. Бұл туралы Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ресми хабарлады.
Төрешіні соққыға жыққан қазақстандық команда чемпионаттан шеттетілді
Шымкентте өткен әуесқойлар арасындағы біріншіліктің 7-тур матчы жанжалмен аяқталды. "Тоқболат" пен "Байдалы" арасындағы ойынның 17-минутында "Байдалы" командасының ойыншылары лига өкіліне шабуыл жасағаннан кейін матч тоқтатылды.
"Жетісуға" техникалық жеңіліс берілді
Бұл шешімге бір тур аясында бір футболшының екі түрлі команда сапында ойнауы себеп болды.
Шаптан соқты! — Емельяненконың шәкірті қарсыласын рингтен зембілмен шығарды (ВИДЕО)
PFL жартылай финалында Валентин Молдавский Александр Романовты шаптан ұрып, жекпе-жек тоқтатылды. Қарсыласқа зембіл қажет болды.
Бір соққымен нокауттаған қазақ спортшысы АҚШ-та дисквалификацияланды (ВИДЕО)
АҚШ-тағы Power Slap 13 турнирінде өнер көрсеткен қазақстандық Зәкір Найманбаев қарсыласын бір ғана соққымен нокаутқа түсіргеннен кейін дисквалификацияға ұшырады.
Допинг дауына іліккен Михаил Мудрик полиграфтан өтті
"Челси" клубының және Украина құрамасының вингері Михаил Мудрик допинг дауына байланысты бірнеше полиграф тексеруінен өтті.
Михаил Мудриктің мансабына төрт жылдық дисквалификация төніп тұр
Лондондық "Челси" және Украина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Михаил Мудрикке қатысты ауыр жаңалықтар тарауда.
Қазақстанда жұмыс істеген Олимпиада чемпионы допинг үшін уақытша шеттетілді
Танымал балуан, кезінде Қазақстанда жаттықтырушылық қызмет атқарған Хаджимурат Гацалов допингке қатысты ережелерді бұзды деген күдікпен жарыстардан уақытша шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігінің (ITA) ресми мәлімдемесінде хабарланды. Шеттету шешімі 2025 жылдың 5 мамырынан бастап күшіне енді.
Поль Погбаның жаңа клубы белгілі болды
Әлем футболының танымал жұлдызы Поль Погба мансабын АҚШ-та жалғастыруы мүмкін.
Самат Смақов: "Мені шындық үшін жазалады"
"Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) төрт матчқа шеттету туралы шешіміне наразылық білдірді.
Қазақстандық ауыр атлеттер допингпен ұсталды
Қазақ ауыр атлетикасы тағы да жанжалдың ортасында қалды. Елдің Антидопингтік орталығы ресми сайтында екі бірдей спортшының жарыстардан шеттетілгенін хабарлады.