дзюдо
Әбиба Әбужақынова 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды
2025 жылғы Будапешттегі дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова келер жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспайтынын мәлімдеді.
Өзбекстандық олимпиада чемпионы Instagram-да жұртты жылатты (ВИДЕО)
Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова дайындық кезіндегі жарақаттары мен ауыр сәттерін бөлісті.
Қазақстандық дзюдошы допингтен ұсталды
Қазақстандық бұрынғы дзюдошы, қазіргі қазақша күрес шебері Абылқайыр Мәуленин допинг сынағынан өте алмай, экзогенді тестостерон қолданды деген күдікпен спорттан уақытша шеттетілді.
Елдос Сметов әлеуметтік желіде жұртты алаңдатып қойды (ФОТО)
Дзюдошы Instagram парақшасында қолы бандажбен таңылған суретін жариялап, астына «Рио 2016, Токио 2020, Париж 2024. Бұл — марапаттың екінші жағы» деп жазды.
Қазақстан дзюдошылары әлем чемпионатын сәтсіз аяқтады
Дзюдодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз аяқтап, жалғыз ғана медальмен елге оралды.
"Алтын аламын". Қазақ дзюдошысы келесі жарыста жеңіске жетуге уәде берді
Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Будапештте өткен әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетіп, жапондық қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.
Олимпиада чемпионы қазақстандық балуанды жарыстан шығарып жіберді!
Қазақстандық дзюдошы Мұрат Байқамұров Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта Олимпиада және әлем чемпионы Зелим Коцаевқа қарсы белдесіп, 1/8 финалда жарысты аяқтады.
Қазақстандық дзюдошы әлемнің үздік сегіздігіне бір қадам жақындады (ВИДЕО)
Ол 90 келіге дейінгі салмақта Доминикан Республикасының өкілі Роберт Флорентиноны тартысты белдесуде қосымша уақытта жеңіске жетті.
"Өзбек қызы үшін келіп едім": Ута Абэ аяғы ауыр Келдиёроваға сес көрсетті
Ута Абэ мен Диёра Келдиёрова арасындағы қарсыластық 2024 жылы Париж Олимпиадасында басталған болатын. 1/16 финалда өзбек спортшысынан сенсациялық түрде жеңіліп, жарыстан ерте шығып қалған еді.
Абылайхан кезекті қарсыласын жерге қаратты (ВИДЕО)
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды.
Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын жеңіспен бастады (ВИДЕО)
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатында екінші айналымға жолдама алды.
Есет Қуанов әлем чемпионатынан ерте шығып қалды
Есет Қуанов әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде Олимпиада чемпионына тап болып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Әбиба Әбужақынова кезекті сенсация жасады (ФОТО, ВИДЕО)
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынова Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында финалға шығып, тарихи жетістікке жетті.
Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатының жартылай финалына шықты (ФОТО, ВИДЕО)
Будапештте өтіп жатқан дзюдодан Әлем чемпионатында Қазақстанның үздік дзюдошысы Әбиба Әбужақынова жартылай финалға жолдама алды.
Мағжан Шамшадин әлем чемпионын екі секундта жер құштырды (ВИДЕО)
Будапешттегі дзюдо әлем чемпионатында Қазақстандық Мағжан Шамшадин жанкүйерлерді таңдай қақтырар сенсациямен қуантты — әлем чемпионы Франсиско Гарригосты небәрі екі секундта жеңді.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әбиба Әбужақынованың алғашқы белдесуі драмаға айналды (ФОТО)
Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі Әбиба Әбужақынова турнирді шиеленісті жекпе-жекпен бастады.
Елдос Сметов әлем чемпионатына арнайы келді (ВИДЕО)
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына қолдау білдіру үшін жарыс орнына келіп жетті.
Қазақстандық үздік дзюдошы әлем чемпионатында сенсациялық нәтиже көрсетті
Будапешт татамиінде қазақстандық спорт жанкүйерлерін сенімсіздікке салған тосын нәтиже тіркелді. Ғалия Тынбаева жарысты алғашқы айналымда-ақ аяқтады.
Қазақстандық дзюдошылар әлем чемпионатындағы қарсыластарын білді (ВИДЕО)
13-19 маусым аралығында дзюдодан Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан құрамасының балуандары турнирдегі алғашқы қарсыластарымен танысып үлгерді.
Олимпиада чемпионы Диёра Келдиёрова үлкен спортқа оралмақ
2024 жылы Париж Олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алған өзбекстандық дзюдошы Диёра Келдиёрова үлкен спортқа қайта оралу ниеті барын мәлімдеді. Белгілі спортшы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін келесі Олимпиада ойындарына қатысуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жариялады.