Қазақстан спорты
"Алтын аламын". Қазақ дзюдошысы келесі жарыста жеңіске жетуге уәде берді
Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Будапештте өткен әлем чемпионатында 1/8 финалға дейін жетіп, жапондық қарсыласынан жеңіліп қалған болатын.
Олимпиада чемпионы қазақстандық балуанды жарыстан шығарып жіберді!
Қазақстандық дзюдошы Мұрат Байқамұров Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта Олимпиада және әлем чемпионы Зелим Коцаевқа қарсы белдесіп, 1/8 финалда жарысты аяқтады.
Азияны таңғалдырған қазақстандық семсерлесуші кім?
Қазақстандық семсерлесуші Вадим Шарлаимов Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, ал ұлттық құраманың тағы үш спортшысы үздік ондыққа енді.
«Барыстың» сәтсіздігіне кім кінәлі? Федерация ма?
«Барыстың» ҚХЛ-дегі сәтсіздігі жайдан-жай емес екен. Федерацияның бұрынғы вице-президенті Владимир Корсунский клубтың құлдырауына Асқар Маминді айыптады. Оның айтуынша, биліктің бейқамдығы мен қолдаудың жоқтығы бүкіл хоккей саласын тұралатқан.
Дарын Қонысбаев халықаралық турнирде топ жарды
Дарын Қонысбаев Бурабайда өткен Азия кубогының кезеңінде триатлоннан ел намысын абыроймен қорғап, жарыстың басты жүлдесіне ие болды.
17 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингте жеке рекордын орнатты
Қазақстандық жас спортшы Амир Омарханов ATP рейтингінде жеті саты жоғарылап, мансабындағы ең үздік нәтиже – 915-орынға көтерілді.
Қазақстан футболы Азияға орала ма? Мәжілісмен жауап берді
Өзбекстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алуынан кейін Қазақстанда Азияға қайта оралу мәселесі тағы да қызу талқылануда.
Қаржысы таусылған «Қайсар» жұлдыздарын жоғалтуы мүмкін
Қазақстан құрамасының шабуылшысы, Қызылордалық «Қайсардың» басты ойыншыларының бірі Айбар Жақсылықов жазғы трансферлік кезеңде командадан кетуге жақын.
Олимпиада чемпионын ұтқан қазақ баласы! Таеквондода тарихи жеңіс тіркелді
АҚШ-тың Шарлотт қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Grand Prix Challenge жарысында Қазақстанның таеквондо шеберлері сенсациялық нәтиже көрсетті. Ел құрамасының мүшелері – Тамерлан Тілеулес пен Батырхан Төлеуғали — халықаралық аренада қола медаль иеленіп, 44 елдің ішінен үздіктер қатарына енді.
Қазақстанда футболдың дамуына кім кедергі? Шенеуніктер ме?
Қазақстанның оңтүстік аймақтарында жаңа салынған стадиондарға табиғи емес, жасанды газон төселіп жатқаны көптің көкейінде сұрақ тудырды.
Қазақстан құрамасы әлем кубогында сенсация жасады
Қазақстан құрамасы Қытайда өткен көркем жүзуден Әлем кубогының суперфиналында үздік үштікке енді.
Қазақстанда спортты қаржыландыру қысқарды: Миллиардтар қайда жұмсалды?
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен Туризм және спорт министрлігі елдегі спортты қаржыландыру саласындағы жүйелі жемқорлық тәуекелдерін анықтады. Нәтижесінде миллиардтаған қаражат қысқартылып, бірқатар жаңа ереже енгізілді.
Қазақстандық шахматшылар британ парламенттерімен шеберлік байқасты
Қазақстандық шахматшылар Ұлыбритания Парламентінде алғаш рет тарихи матч өткізді – Лордтар, премьер-министрдің экс-кеңесшісі және парламент қызметкерлері біздің гроссмейстерлермен тақтада сайысты.
"Біз мықты ойнадық". Ұлттық құрамадағылар жақсы жаңалығымен бөлісті
Елдос Ахметовтың айтуынша, жастардың даму қарқыны қуантады және болашақта жеңістер міндетті түрде келеді.
"Тілі басқа, мүддесі бөлек" – Мәулен ұлттық құраманың шынайы бейнесін әшкереледі (ВИДЕО)
Танымал комментатор ұлттық құраманың шынайы бейнесін әшкереледі. Команда деген бір тілде, бір мүдде үшін күреседі. Ал бізде ше?" — деп ол ұлттық құрамада жұмыс істеп жатқан мамандардың кім екенін, қай тілде сөйлейтінін, қай елге қызмет етіп жатқанын ашық айтты.
"Қазақстан топтан шыға ма?" – Македониялық бапкер күтпеген болжам жасады!
Солтүстік Македония құрамасының бұрынғы бас бапкері Джокица Хаджиевский Қазақстан ұлттық құрамасының мүмкіндігіне жоғары баға беріп, қазақстандық жанкүйерлерді қуантатын пікір білдірді.
Бәрі ақша үшін бе? Қазақстан УЕФА-да не үшін жүр?
Бас бапкер Әли Әлиев Астанада өткен баспасөз мәслихатында футбол жанкүйерлерін мазалаған маңызды сұрақтарға жауап берді.
Ұлттық құраманың сәтсіздігіне кім кінәлі? Магомед Адиев пе?
Қазақстан құрамасы Беларусьтен 1:4 есебімен ойсырай жеңілді. Сарапшы Павел Черепанов бұл сәтсіздіктің себебін «грек синдромымен» байланыстырды. Яғни, 2023 жылғы сәттіліктен кейін шынайы жағдайды елемей кеткенімізбен түсіндірді.
"Ол жақта да айырады!" – Қуат Хамитов Қазақстан футболына үкім шығарды!
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов әлеуметтік желіде Қазақстан құрамасының Азияға оралу ықтималдығына қатысты пікір білдіріп, шындықты ашық айтты.
Келісілген матчтар: Қазақстан әлемде 4-орында!
Күдік тудырған ойындардың басым бөлігі Бірінші және Екінші лигада тіркелген.