қыздар күресі
"Күресетін қыздарға шаш қию керек": Бас бапкер отандық балуандарға ескерту жасады
Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев балуан қыздардың шашына қатысты ескертуін жеткізді.
Жәмилә Бақбергенова — Азияның жаңа ханшайымы! (ВИДЕО)
Иордания астанасы Амманда күрес түрлерінен Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова кезекті ірі жеңіске қол жеткізді. 72 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан балуанымыз алтын медаль үшін 18 жастағы Қытай үміті Юки Лиумен белдесті.
Соңғы секундтарда жеңісті жұлып алды! Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатының финалына шықты
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) финалға жолдама алып, Қазақстанға әйелдер күресінен алғашқы жүлдені әперді.
Қазақстандық балуандар Албанияда 8 медаль жеңіп алды
Ұлттық құрама қоржынына 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль түсті.
Бұрымды балуанымыз Албаниядағы рейтингтік турнирде жеңіске жетті
Албанияның Тирана қаласында өткен Мұхамед Мало атындағы мемориалдық халықаралық күрес турнирінде 72 кг салмақ дәрежесінде чемпион анықталды. Қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова алтын медаль иемденді.
Қазақ еліне +1 легионер: Ресейлік балуан қыз Қазақстанға жүлде әперді
Красноярск қаласында өтіп жатқан Иван Ярыгин Кубогында қазақстандық Виктория Хусаинова күміс медаль жеңіп алды.
Эльмира Сыздықова Иван Ярыгин Кубогының чемпионы атанды
Отандасымыз Красноярск қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің финалын айқын басымдықпен жеңді.
Қазақстандық балуан қыз беделді турнирдегі тартысты белдесуде қола медаль жеңіп алды
Тыныс Дүбек Красноярскте өтіп жатқан "Иван Ярыгин Кубогы" турнирінің қола жүлдегері атанды.
Түркістандық бұрымды балуан жартылай финалдан қағылды
Тағы бір қазақстандық балуан "Иван Ярыгин Кубогы" халықаралық турнирінде жарыс жолын аяқтады.
Қазақстандық әлем чемпионы Иван Ярыгин Кубогында оңбай жеңілді
Красноярскте күрестен "Иван Ярыгин Кубогы" халықаралық турнирінің екінші жарыс күні басталды.
Қырғыздың даңқты балуаны өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты (ВИДЕО)
Айсұлу Тыныбекова желтоқсанда ғана көпшілікке өзінің болашақ жұбайын әлеуметтік желіде көрсеткен еді.
Биыл қазақ балуандарын қандай жарыстар күтіп тұр
2025 жыл Қазақстан құрамасының балуандары үшін жауапты әрі маңызды кезең болмақ.
Белгілі балуан басшылық қызметке тағайындалды
Мақсат Ережепов енді Қостанай облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті.
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерін марапаттады
Астанада ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2024 жылды қорытындылады.
Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды
Оның қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталмақ.
Қазақ күресінің мықтылары Таразға жиналды
Боз кілем бәсекесіне 450-ден аса балуан қатысып жатыр.
Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы өтеді
Медальдар он салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынады.
Жәмиля әлемдік рейтингте көтерілді
Біріккен күрес әлемі ұйымы соңғы жарыстардағы көрсеткіштерді саралап, үздік спортшылардың тізімін жаңартты.
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатында "күміс" алды
Осылайша отандасымыз әлем біріншіліктеріндегі төртінші жүлдесіне қол жеткізді.
Әлем чемпионаты: Боз кілемге шыққан бес бұрымдымыздың бесеуі де жеңілді
Әйелдер арасындағы әлем біріншілігі Албания астанасы Тиранада өтіп жатыр.