Жарнама
Жарнама
Бубликке халықаралық турнирде ерекше тыйым салынды
instagram/lavercup

Бубликке халықаралық турнирде ерекше тыйым салынды

Қазақстандық теннисші Лондонда өтіп жатқан Лейвер кубогындағы ойындарда өзінің әдеттегі шоу элементтерін көрсетуге шектеу қойылғанын айтты.

Александр Бублик турнирдің алғашқы күнінде жекелей және жұптық бәсекелерге қатысып үлгерді. Алайда бұл жолы теннисші нәтижеге барынша көңіл бөліп, алаңдағы эмоциялық әрекеттерін шектеуге мәжбүр.

Айтуынша алаңдағы мінез-құлқына қатысты талаптар құрама капитандарымен жасалған арнайы келісімде көрсетілген.

"Мен Рафтeр және Агассимен ұтыс аяқталғаннан кейін күлмеу туралы келісімге қол қойдым. Сондықтан бұл жерде бәрі қатаң. Мен мұнда теннисті жақсы ойнап, аздап көңіл көтеру үшін келдім. Өкінішке қарай, бұл кезекті көрме турнирі емес, сондықтан толыққанды шоу көрсету мүмкін болмай тұр", — деді теннисші First&Red басылымына берген сұхбатында.

Турнирдің алғашқы ойын күнінде Александр Бублик жекелей сында испаниялық Рафаэль Ходардан 2:6, 3:6 есебімен жеңілді. Кейін Тейлор Фрицпен бірге жұптық бәсекеде Карлос Алькарас пен Якуб Меншикке қарсы шықты.

Бұл кездесуде де Бублик пен Фриц 4:6, 4:6 есебімен қарсыластарға жол берді. Осы нәтижелерден кейін Еуропа құрамасы жалпы есепте алға шықты.

Жарнама
Жарнама