Футбол
Бөлімдер

Александр Шевченко Қытайдағы ATP турнирін алғашқы айналымда аяқтады

Қазақстан құрамасының теннисшісі Чэнду қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирді сәтсіз бастады.

Александр Шевченко Қытайдағы ATP турнирін алғашқы айналымда аяқтады
olympic.kz

Шевченко Хуркачпен екі сет ойнады

ATP рейтингінде 109-орында тұрған Александр Шевченко әлемнің 46-ракеткасы Хуберт Хуркачпен кездесті. Бір сағат 22 минутқа созылған матч польшалықтың пайдасына аяқталды — 6:3, 7:6.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласына бір рет өз геймін беріп қойды. Ал екінші сетте ойын тағдыры тай-брейкте шешіліп, Хуркач басым түсті.

12 эйс орындады

Шевченко кездесу барысында допты ойынға қосуда 12 рет эйс жасап, екі қосарланған қателікке жол берді. Сонымен қатар қарсыласының сервисінде бірде-бір брейк-пойнтты пайдалана алмады және өз добын берген екі геймде жеңілді.

Осылайша Александр Шевченко Чэндудағы ATP 250 турнирінің екінші айналымына өте алмады.

Бұл теннисшілер арасындағы бесінші матч болды. Олардың барлығында Хуберт Хуркач жеңіске жеткен. Енді жеке кездесулердегі есеп польшалықтың пайдасына 5:0-ге жетті.

Хурчкач екінші айналымда америкалық Мартин Дамм мен жапониялық Шинтаро Мочизуки арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?