Жарнама
Жарнама
Жанкүйерлер Рыбакинаны Бейжіңдегі турнирден бас тартуға шақырды
instagram/lenarybakina

Жанкүйерлер Рыбакинаны Бейжіңдегі турнирден бас тартуға шақырды

WTA рейтингінің көшбасшысы Елена Рыбакинаның жанкүйерлері оның жағдайына алаңдауда. 

Essentially Sports басылымы әлеуметтік желілердегі Рыбакина жанкүйерлерінің пікірлерін жариялады. Кейбір жанкүйерлер теннисшінің денсаулығына қатысты мәселелер болуы мүмкін екенін жазған.

"Оған көбірек демалып, Бейжің турнирін өткізіп алғаны дұрыс сияқты. Шаршаңқы көрінеді, аллергиясы да мазалап тұрған болуы мүмкін. Тіпті Қазақстан Президентімен кездесуде де өзін жақсы сезінбегендей көрінді. Ал алда WTA 1000 санатындағы тағы екі турнир, WTA 500 деңгейіндегі екі жарыс және маусым қорытындысы бойынша турнир бар. Мұның бәрі мүмкін емес", – деп жазды.

Сондай-ақ жанкүйерлер теннисшінің жалпы жағдайына алаңдаушылық білдірді. "Ол өзін нашар сезінетін сияқты", "Осындай ауыр кестемен Пекинге барудың қажеті жоқ" деген пікірлер де айтылды.

Бейжіңдегі WTA 1000 турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында өтеді. Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, Юлия Стародубцева мен Алина Чараева кездесуінің жеңімпазымен сынға түседі.

Жарнама
Жарнама