Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Шевченко мен Скатов Өзбекстанды жеңіп, Азиада ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Жапониядағы жазғы Азия ойындарында жұптық сайыстың ширек финалына жолдама алды. 

Шевченко мен Скатов Өзбекстанды жеңіп, Азиада ширек финалына шықты
NUR.kz

Үздік сегіздікке өту үшін өткен матчта Шевченко мен Скатов өзбекстандық Сергей Фомин және Хумоюн Султановпен кездесті. Қазақстандықтар қарсыластарын 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Бірінші сетте Шевченко мен Скатов бір брейк жасап, сол басымдықты сақтап қалды. Екінші партияда олар есеп айырмасын ұлғайтып, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Қазақстандық жұп келесі кезеңде жапониялық Юсукэ Кусухара мен Сюнсукэ Накагава және оңтүстіккореялық Квон Сун У мен Хон Сон Чхан арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?