Жарнама
Жарнама
"Өте қуаныштымын": Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады
Offside.kz

"Өте қуаныштымын": Рыбакина жанкүйерлеріне үндеу жасады

Отандасымыз биылғы WTA қорытынды турниріне қатысуға мүмкіндік алған еді. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне қатысатынын айтып, жанкүйерлерін Индиан-Уэллске шақырды.

WTA баспасөз қызметі таратқан видеода қазақстандық теннисші маусымның басты турнирлерінің біріне жолдама алғанына қуанышты екенін жеткізді.

"Баршаңызға сәлем! WTA қорытынды турниріне жолдама алғаныма өте қуаныштымын. Индиан-Уэллске келіп, ойынымызды тамашалаңыздар", – деді Рыбакина.

Бейжіңнен кейін үзіліс алған еді

Рыбакина соңғы рет Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінде өнер көрсетті.

Екінші айналымда ол әлемдік рейтингтің 118-орнындағы Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен сенсациялық түрде жеңіліп қалды.

Осыдан кейін қазақстандық теннисші уақытша үзіліс алатынын мәлімдеп, Уханьдағы турнирден бас тартты. Ол мұндай шешімді US Open-2026 турниріндегі жеңістен кейінгі ауыр қалпына келу кезеңімен түсіндірген.

Бейжіңдегі жарыс алдында Рыбакина соңғы апталардағы жоғары жүктеме денсаулығына әсер етіп жатқанын да айтқан болатын.

WTA қорытынды турнирі қашан өтеді?

2026 жылғы WTA қорытынды турнирі 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индиан-Уэллсте өтеді.

Жарнама
Жарнама