Рыбакинадан Гауффқа дейін: Ухань турнирінен 11 жұлдыз бас тартты
Отандасымыз жарақатына байланысты Қытайдағы беделді турнирге қатыса алмайтынын жариялаған еді.
Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы беделді турнир жарыс басталмай жатып бірқатар танымал теннисшіден айырылды.
Жалпы саны 11 ойыншы турнирге қатысудан бас тартты. Олардың қатарында әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина да бар.
Рыбакина жарақатына байланысты қатыспайды
Бұған дейін Елена Рыбакина табан жарақатына байланысты Уханьдағы жарысқа қатыспайтынын мәлімдеген еді.
Кейін турнирден тағы он теннисші бас тартқаны белгілі болды:
- Кори Гауфф;
- Аманда Анисимова;
- Виктория Мбоко;
- Наоми Осака;
- Мэдисон Киз;
- Эмма Наварро;
- Анастасия Потапова;
- Хейли Баптист;
- Барбора Крейчикова;
- Каролина Плишкова.
Олардың барлығы негізгі торда басқа теннисшілермен алмастырылады.
Турнирден бас тартқандардың арасында Кори Гауфф та бар. Америкалық теннисші Wuhan Open жарысының қазіргі чемпионы саналады. Соған қарамастан, ол биыл титулын қорғай алмайды.
Турнир 12 қазанда басталады
2026 жылғы Wuhan Open 12-18 қазан аралығында өтеді.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 4 миллион доллардан асады.