Юлия Путинцева Уханьдағы турнирдің негізгі кезеңіне шықты
Қазақстандық теннисші іріктеудің шешуші матчында америкалық Эшлин Крюгермен кездескен болатын.
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің іріктеу кезеңін сәтті аяқтап, негізгі себетке жолдама алды.
Әлемдік рейтингте 82-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеудің шешуші матчында америкалық Эшлин Крюгермен кездесіп, WTA рейтингінде 73-орында тұрған 22 жастағы теннисшіні 6:1, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды.
Матч барысында қазақстандық теннисші бес брейк жасады. Ал америкалық спортшы қарсыласының добын бір-ақ рет бұзып алды.
Іріктеуде Рузеден де басым түсті
Бұған дейін Путинцева іріктеу кезеңінің жартылай финалында румыниялық Елена Габриэла Руземен кездескен болатын.
Қазақстандық спортшы бірінші сетті 7:5 есебімен жеңіп, екінші партияда 2:1 есебімен алда тұрған кезде Рузе матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, Путинцева іріктеу турниріндегі екі кездесуде де жеңіске жетіп, Уханьдағы WTA 1000 жарысының негізгі кезеңіне өтті.
Азия ойындарынан кейінгі кезекті нәтиже
Айта кетейік, Юлия Путинцева жуырда Жапонияда өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, екі қола медаль жеңіп алды.