Реклама
Реклама
Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында үш өзбекстандықпен кездеседі

Редактор Penalty.kz
31.07.2025, 19:14

U-22 санатындағы алғашқы World Boxing Азия чемпионатында Қазақстан боксшыларының қарсыластары анықталды. Жастар үшін маңызды сын болатын дода 1–11 тамыз аралығында Бангкокта өтеді.

instagram/@almatyboxing.kz
Реклама
Реклама

Алғашқы қарсыластар белгілі болды

Бангкокта өткен ресми жеребе нәтижесінде қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары анықталды. Кейбіреулер 1/8 финалдан бастаса, басқалары бірден ширек финалда бақ сынайды.

1/8 финал жұптары:

  • 50 кг: Нұрзат Оңғаров — Вики Тахумил (Үндістан)
  • 55 кг: Бексұлтан Боранбек — Самандар Олимов (Өзбекстан)
  • 60 кг: Нұрислам Қалдыбаев — Сеунг Хун Ио (Оңтүстік Корея)
  • 65 кг: Илья Калинин — Прит Малик (Үндістан)

1/4 финал жұптары:

  • 70 кг: Нұрбек Мурсал — Үндістан мен Филиппин боксшылары арасындағы жеңімпаз
  • 75 кг: Аман Қонысбеков — Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан)
  • 80 кг: Санжаралы Бегалиев — Сеонгву Жанг (Оңтүстік Корея)
  • 85 кг: Азатбек Жолдасхан — Роки Чаудхари (Үндістан)
  • 90 кг: Темірлан Мұқатаев — Куо Чао (Қытай)
  • 90+ кг: Нұрасыл Асылхан — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан)

Қазақстан құрамасының тізгінін кім ұстап отыр?

Жастар арасындағы бұл айтулы додада Қазақстан құрамасын Олимпиада чемпионы, тәжірибелі бапкер Бақыт Сәрсекбаев бастап алып жүр.

Бұл — World Boxing тұжырымдамасы аясындағы алғашқы Азия чемпионаты, яғни бокс тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы. Қазақстандық боксшылар үшін бұл — тек жүлде үшін күрес емес, сонымен қатар болашақ Олимпиада мен әлемдік ареналарға жол ашатын алаң.

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары